08:02, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Бүгін - Балаларды қорғаудың халықаралық күні
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Балаларды қорғаудың халықаралық күні. Жыл сайын өткізілетін балаларды соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау күнін атап өту 1949 жылы Әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы кеңесінің сессиясында қабылданған болатын. Бұл мереке алғаш рет 1950 жылы 51 елде атап өтілді.

Осынау мерекеге орай бүгін Астанада Қаржы министрлігі алдындағы «Бәйтерек» алаңында «Балалық шақты бағалайық» атты Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді. Сондай-ақ «Арай» саябағында «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік шара болады.