Бүгін - Біріккен Ұлттар Ұйымының азаптау құрбандарына қолдау көрсетудің халықаралық күні

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін - Біріккен Ұлттар Ұйымының азаптау құрбандарына қолдау көрсетудің халықаралық күні.
None
None

1997 жылы Экономикалық және Әлеуметтік кеңестің ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 26 маусымды Біріккен Ұлттар Ұйымының азаптау құрбандарына қолдау көрсетудің халықаралық күні деп жариялады.

Бұл күн 1984 жылы қабылданып, 1987 жылдың 26 маусымында күшіне енген Азаптауға және өзге де адамгершіліктен тыс, ар-намысты таптайтын жазалаулар мен қарым-қатынастарға қарсы конвенцияның тиімді жұмыс ітеуі және азаптауды жою мақсатында өткізіледі.

Ұйымға қатысушы әрбір мемлекет өзінің құзыретіндегі кез келген аумақта азаптау актілерінің алдын алу үшін тиімді заңнамалық, әкімшілік, соттық және өзге де іс-әрекеттерді қолға алуы тиіс.

Ешбір ерекше жағдайлар, мейлі ол соғыс жағдайы немесе соғыс қаупі, ішкі саяси тұрақсыздық немесе өзге де төтенше жағдайлар болсын, азаптауларға желеу бола алмайды.

Соңғы жаңалықтар