Бүгін «Болашақ» стипендиясы түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Назарбаев Университеті және Халықаралық бағдарламалар орталығы түлектер мен студенттерге арналған Job/internship fair & Networking бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізеді.
None
None

Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыру үшін өткізілетін жәрмеңке «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да болады.

Шараның мақсаты - қазақстандық және шетелдік жұмыс берушілерге, «Болашақ» бағдарламасы түлектері мен «Назарбаев Университеті» ДББҰ студенттерінің адами капитал қалыптастыруына, еңбек нарығында адами ресурстарды дамытуына, кәсіби өсу мен жұмысқа орналасуға көмектесу алаңын құру. Бағдарлама барысында қазақстандық және шетелдік жұмыс берушілердің қатысуымен университет студенттерінің тағылымдамадан өтуі мен кәсіби тәжірибе алу шараларын ұйымдастыру жоспарлануда.

Аталмыш іс-шараға Университеттің техникалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқитын 500-ден астам соңғы курс студенттері, сондай-ақ, «Болашақ» халықаралық стипендиясының 600-жен астам түлектері қатысады.

Айта кетейік, «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да Job/internship fair & Networking тұңғыш рет өткелі отыр. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, бұл жыл сайын өткізілетін шараға айналуы тиіс. Қатысушылар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі Қазақстанның еңбек нарығындағы қазіргі жағдайға, кадрлық саясаттан мәлімет алуға, мемлекеттік және жекеменшік секторда бейімделу мен тиімді жұмыс істеуге кең мүмкіндік ашады.

Шараға 50-ден астам қазақстандық және шетелдік жетекші компаниялар, оның ішінде «КазАгроИнновация» АҚ, «Air Astana», «Қазақстан Даму банкі» АҚ т.б. қатысады.

Одан бөлек, жәрмеңке барысында жұмыс берушілер компанияның қызметі жайлы тұсаукесер өткізеді. Сондай-ақ кәсіби машықты дамыту треннингтері, жұмыс іздеушілермен сұхбаттар және тестілеу жүргізіледі. Әрі панельді сессиялар (Networking) - әр жылдардағы «Болашақ» бағдарламасының танымал түлектерімен бейресми кездесу ұйымдастыру да көзделуде.

Соңғы жаңалықтар