Бүгін Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінетін мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының кеңсесінде «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің жанынан құрылған Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінетін мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсованың жетекшілігімен өткен отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Асылжан Мамытбеков, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекенов қатысты. «Әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттік органдар қызметін сыртқы қоғамдық бақылау маңызды орын алып отыр. Бұл - елдің экономикасын тұрақтандыру және сауықтыру бойынша Үкіметтің дағдарысқа қарсы әрекеттерін іске асыру кезеңінде өзекті мәселе. Белгіленген шаралар барынша ашық іске асырылуы тиіс», делінген баспасөз баянында. Қаржылық ағын бағыты, бағдарламалар операторларының қызметі, жобалардың іске асырылуы ? осылардың барлығы кең жариялылықта болуы керек. Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған мәселелерге байланысты 2009 жылдың қаңтар айының басында партия Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаевтың шешімі бойынша Гүлжан Қарақұсованың басшылық етуімен Партиялық бақылау комитетінің жанынан Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінетін мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссия кұрылды.Басқосу барысында аталмыш комиссияның төрайымы Гүлжан Қарағұсова және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Асылжан Мамытбеков Бірлескен іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.«Меморандумның мақсаты жұмыс отырыстарын өткізу, жоғарыда аталған акционерлік қоғамдар өкілдерінің мәлімет пен ақпараттарды ұсынуы және әр қазақстандықтың мүддесін, табыстары мен жинақтарын қорғауға бағытталған іс-шараларды анықтау болып табылады», - деп атап өтті Г.Қарағұсова.
Соңғы жаңалықтар