Бүгін - Дүниежүзілік бүйрек күні

Дүниежүзілік бүйрек күні үкіметтің, медициналық қауымдастықтың және қоғамның назарын бүйректің созылмалы сырқатының арту проблемасына аударту, бүйрек сырқаттары, оның алдын алу және емдеуге қатысты ақпараттарды таратуды жақсарту мақсатын тұтады.
Нефролог дәрігерлер бүйрек ауруларына шалдығу қаупін азайтуға септігін тигізетін 8 ережені ұстануға ұсынады:
1. Дене шынықтырумен айналысыңыз. Дене шынықтыру бүйрек ауруларының қаупін азайтады.
2. Қандағы қанттың деңгейін бақылап отырыңыз. Қант диабетімен ауыратын адамдардың тең жартысында бүйректің созылмалы ауруы пайда болады, сондықтан мұндай науқастарға жылына бір рет бүйректі тексерту қажет.
3. Қан қысымын бақылап отырыңыз. Гипертензия бүйректі зақымдайтын себептердің бірі.
4. Дене салмағын бақылаңыз. Тұзды пайдалану мөлшерін күніне 5-6 граммға дейін азайтыңыз (бір ас қасық шамасында).
5. Күнінен 1-1,5 литрдан аз емес мөлшерде су ішіңіз. Суды шырындармен немесе газды сусындармен алмастырмаңыз.
6. Шылым шекпеңіз. Темекі бүйректегі қан айналымын бұзады және бүйректің қатерлі ісікке шалдығу қаупін арттырады.
7. Дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдамаңыз.
8. Егер сізде - қант диабеті, гипертензия, артық салмақ болса немесе отбасы мүшелеріңіздің біреуі бүйрек сырқатымен ауыратын болса, онда бүйректі тұрақты түрде тексертіп тұрыңыз.