Бүгін - Дүниежүзілік қалқанша безі күні

Бұл бастаманы Азияда, Солтүстік және Латын Америкасында жұмыс істейтін осы бағыттағы өзге дәрігерлік қауымдастықтар қолдады.
Медициналық статистикаға сәйкес, қалқанша безінің жұмысындағы әртүрлі ақауларға ғаламшар тұрғындарының үштен бір бөлігіне жуығы шалдыққан. Безде түйіндердің пайда болуы ересек адамдардың 30 пайызында, зоб (йодтың жетіспеушілігінен бездің ұлғаюы) 10-30 пайызында анықталады.
Бұл маңызды ағзаның (қалқанша без зат айналымын және клеткалардың өсімін реттейтін гормондарды шығарады) сырқатынан бүгінгі күні сауығып кетуге болады. Ал йод тапшылығымен байланысты сырқаттарға қатысты айтатын болсақ, ас тұзын жалпылама йодтау бағдарламасы арқылы оның алдын алуға болады. Бұл бағдарлама бүгінде көптеген мемлекеттерде жүзеге асырылуда.