Бүгін Дүниежүзілік пошта күні

Дүниежүзілік пошта одағы 14-інші конгресінің шешімімен одақтың 1874 жылы құрылған күні құрметіне атап өтіледі. Ал Дүниежүзілік пошта күні ретінде Пошташылардың дүниежүзілік одағының 1969 жылы Токиода өткен конгресінде жария етілді.
1874 жылы 9 қазанда Швейцарияның Бьерне қаласында 22 елдің өкілдері Бас пошта одағының негізін бекітетін Берн келісіміне қол қойды. 1878 жылы одақ өз атауын өзгертіп, Дүниежүзілік пошта одағы (ДПО) деп атала бастады. Бүгінгі күні ДПО-ға 189 мемлекет мүше. Бүкіл әлемде 9 қазаннан бастап халықаралық хат апталығы өткізіледі.
ДПО-ның мәліметтеріне сәйкес, халықаралық пошта өз клиенттерінің 6800 тілінде сөйлейді және поштаны жеткізіп салудың әлемдегі ең ұзын желісі болып табылады. Ол тауарларды сенімді, тиімді әрі артық шығынсыз жеткізіп салуды, сондай-ақ идеялар алмасуды қамтамасыз ету үшін арналған. ДПО әртүрлі ауқымдағы фирмаларға клиенттерді іздеп табуға және олардың сұраныстарына жауап беруге көмектеседі.