09:45, 04 Қазан 2012 | GMT +5
Бүгін Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні немесе Дүниежүзілік жануарлар күні - Жер бетіндегі жан-жануарларды қорғау мақсатында бекітілген атаулы күн.

Бұл күнді атап өту туралы шешім 1931 жылы Италияның Флоренция қаласында өткен табиғат қорғаушылардың халықаралық басқосуында қабылданды. Жыл сайын 4 қазан күні атап өтіледі.
Жануарларды қорғау күні ретінде 4 қазанның таңдалу себебі, дәл осы күні католиктер әулие әрі жануарлардың қамқоршысы Франциска де Ассизиді еске алады.
Жануарларды қорғау күні Аргентинада 29 сәуір күні аталып өтеді. Өйткені 1926 жылы 29 сәуірде аргентиналық жануарларды қорғаушы ұйымның негізін қалаушылардың бірі Лукас Игнасио Албаррасин дүниеден өтті.