05:00, 27 Қаңтар 2022 | GMT +5
                                        Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы бұзылады
                                            НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 27 қаңтар күнгі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
                                        
                                        
                                    
                                              Кәсіпорын ұсынған мәліметке сенсек, бүгін, 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Басқа қалаларда метеожағдай бірқалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.