Бүгін еліміздің басым бөлігінде желдің екпіні күшейіп, боран соғады - Қазгидромет
Тек елдің оңтүстік-батысы мен солтүстігінде ғана күн ашық болады. Ақмола облысында кей жерлерінде боран соғып, түнде жекелеген аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғып, боран болады. Қостанай облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар облысында боран соғып, түнде өңірдің басым бөлігінде желдің күші 17-22, кей тұстарда 27 м/с дейін жетеді, күндіз 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 17-22 м/с жел соғады, боран болады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 17-22 м/с жел соғады. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде Қызылорда облысының жекелеген аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.