Бүгін еліміздің ең үздік редакторлары мен журналистері марапатталады

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бас редакторлар клубы Қазақстанның 2011 жылғы ең үздік редакторлары мен журналистеріне және шетел тілшілеріне жүлде тағайындады,

деп хабарлады аталған клубтың баспасөз қызметінен.

«Республикалық БАҚ арасында «Central Asia Monitor» газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин ең үздік бас редактор болып танылды. «Отырар» теледидарының (Оңтүстік Қазақстан облысы) бас редакторы Зәуре Оралбаева аймақтық БАҚ арасындағы ең үздік редактор атанды. «Время» газетінің тілшісі Геннадий Бендицкий республикалық БАҚ арасында ең үздік журналист атағына ие болса, Батыс Қазақстан обылсындағы «Казақстан» телеарнасы филиалының тілшісі Данияр Рамазанов (Орал қаласы) аймақтық БАҚ арасында ең үздік журналист атанды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Бас редакторлар Клубы» ҚБ биыл алғашқы рет «Еуразияның алтын қаламы» атты жүлдені тағайындады. Аталған жулдеге Ресей, Беларусь және Қырғызстан елдерінің журналистері ие болды. Атап айтқанда «Независимая газета» (Мәскеу қаласы) басылымның шолушысы Виктория Панфилова, «Народная газета» (Минск қаласы) басылымның бас редакторы Владимир Андриевич және Қырғызстан «Азаттық радиосы» редакциясының тілшісі Жанарбек Ақаев аталған жүлдеге ие болды.

Марапаттау рәсімі бүгін Астанада өтеді.

Соңғы жаңалықтар