Бүгін еліміздің солтүстік өңірлерінде қолайсыз ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталып, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Тек қана еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз бұрқасын болады, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с  күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 күндіз екпіні 25 м/с  күшейеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Ақтөбе,  Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с  күшейеді, бұрқасын болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады.

 

Соңғы жаңалықтар