Бүгін елордалықтар қалалық алаңда Жаңа жылды қарсы алуға жиналады

АСТАНА. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат - Бүгін елорда тұрғындары сағат 22:00-де  қалалық алаңда бас қосып, Жаңа жылды бірге қарсы алу мүмкіндігіне ие болады.
None
None

Қала қонақтары мен тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен Мемлекеттік филармонияның, Жастар театрының әртістері, сондай-ақ Астананың басқа да шығармашылық ұжымдары құттықтайды. Бұл ақпаратты «Бәйтерек» медиа орталығының баспасөз қызметі таратып отыр.

Театрландырылған қойылым алаңға жиналған барлық халықты жаңажылдық карнавалды толық сезінуге мүмкіндік береді. Ал сағат 23:55-те алаңда орнатылған алып экраннан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңажылдық құттықтауын тыңдай алады.

Жаңажылдық отшау 2010 жылдың басталғандығын білдіреді. Түрлі байқаулармен өтетін мерекелік би кеші түнгі сағат 2-ге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар