08:21, 13 Наурыз 2014 | GMT +5
Бүгін елордалықтарға «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» концерті тарту етілмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесі қарсаңында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше сый - «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» мерекелік концертін тарту етпек. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, кештің басты мақсаты - тарихымыздан дәстүр, ата-бабамыздан салт болып келе жатқан Ұлы мерекеміз Наурызды көпшіліктің тойлауына ықпал ету. Концерт Астанадағы бірқатар мерекелік іс-шаралардың бастауы болады. Сахна төрінде қазақтың белгілі дәстүрлі әншілері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Данияр Мұқанов, Маржан Арапбаева, Жаңабай Өтегенов ән шырқайды. Сондай-ақ белгілі айтыс ақындары көпшілік алдына Балғынбек Имашев пен Жандарбек Бұлғақов мерекелік айтыспен шықпақ. Ал «Наз» театрының бишілері көрермендер үшін би билесе, «Серпер» домбырашылар тобы қазақ күйлерінен поппури ұсынады. Естеріңізге сала кетейік, мерекелік шара сағат 17.00-де басталады. Кіру тегін.