Бүгін Еуропада әуе қатынасы жанданады

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Еуропада әуе қатынасы толық дерлік жанданатын болады. Бұл туралы Ұшу сапарларының қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттіктің сәрсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде айтылып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Бүгін Еуропада әуе қатынасы жанданады

«Бейсенбі күні Еуропа аспанындағы әуе қатынасын 100 пайыз дерлік жандандыру жоспарланып отыр. Барлық 338 трансатлантикалық ұшу сапары кесте бойынша өтеді», деп атап көрсетіледі Еуробақылау агенттігінің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ агенттіктің атап көрсетуінше, Еуропаның барлық әуе кеңістігі «20 мың фут биіктіктен жоғары қарай ашық болады (6 мың метр)». Бұл межеден төмен кеңістіктікте бірнеше аумақ жабық қалдырылады, атап айтқанда Финляндия мен Шотландияның солтүстік аумағының аспаны.