Бүгін - Халықаралық биологиялық әралуандық күні

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық биологиялық әралуандық күні.

Бүгін  - Халықаралық биологиялық әралуандық күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2000 жылғы желтоқсанның 30-да мамырдың 22-сін Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады, сондай-ақ осы күні Биологиялық әралуандық туралы конвенция қабылданды.

Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау мақсатында 1994 жылы Биологиялық әралуандық жөніндегі конвенция бекітіліп, биологиялық әралуандықты сақтау және бірқалыпты пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-әрекеттер жоспары жасалынды. Бүгінгі таңда осы жұмыстар 2003 жылғы желтоқсанда Елбасы қол қойған Қазақстанның 2004-2015 жылдардағы экологиялық қауіпсіздігі конвенциясы шеңберінде атқарылуда.