Бүгін - Халықаралық Жер-Ана күні

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық Жер-Ана күні.

Бүгін  -  Халықаралық Жер-Ана күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы сәуірдің 22-сінде Халықаралық Жер-Ана күні деп жариялау туралы қарарды бірауыздан мақұлдады. Қарарды мақұлдағандардың қатарында Қазақстан да бар.

Бұл маңызды құжаттың мақсаты - қазіргі және болашақ ұрпақтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктері арасында әділетті тепе-теңдікке қол жеткізу. Жер-Ана күнін жариялау планетамыздың және оның экологиялық жүйесінің бізді өмірмен қамтамасыз етіп отырғанын түсінгенімізді паш етіп, сондай-ақ 1992-нші жылғы Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта және оны дамыту Конференциясында қабылданған міндеттерді бекіте түсті.

Сонымен, біздің Жеріміз қандай?

Мамандардың есебінше, Жердің пайда болғанына 4,5 миллиард жыл болған. Егер Сіз экватор арқылы Жерді айналып шыққыңыз келсе, 40010 шақырымдай жолды жүріп өтеді екенсіз.

Жер бетінен оның өзегіне дейінгі қашықтық 6378 шақырымға тең. Жер бетіндегі ең ыстық нүктелер -Калифорниядағы Ажал алқабы мен Ливиядағы Әл-Әзизия деп аталатын жерлер. Ажал алқабындағы температура рекорды - Цельсий бағамы бойынша 55,8 градусты (1913 жылы шілденің 10-ында тіркелген), Әл-Әзизия бойынша 57,8 градусты (1922 жылы қыркүйектің 13-і) құрайды.

Ал ең суық жер -Антарктика -1983 жылы шілденің 21-інде «Шығыс» зерттеу стансасы Антарктикевскде Цельсий бойынша минус 89 градусты тіркеген.