Бүгін Иранда француз оқытушысының соттағы ісі аяқталады

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Иранда тыңшы деп айыпталған Франция азаматының сот ісі аяқталады деп күтілуде.

Бүгін Иранда  француз оқытушысының  соттағы ісі    аяқталады

Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлайды.

24 жастағы оқытушы Клотильда Рейс ханымға сонымен бірге, өткен жылдың маусым айында Махмұд Ахмадинежад ел президенті болып сайланғаннан кейін, ирандық оппозицияның наразылық шараларын ұйымдастыруға көмектесті деген де айып тағылып отыр.

Рейс ханымның соттағы ісі тамыз айында басталған болатын. Кепілмен бостандыққа шығарылған ол, қазір сот үкімін Теграндағы француз елшілігінде күтуде.