Бүгін Қазақстанның басым аумағында бұрқасындатып, күшті желдер тұрады - Қазгидромет
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 25 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын антициклон анықтайды. Республиканың тек шеткері батыс және шығыс өңірлері атмосфералық ағымдардың ықпалында болады.
Мәселен, түнде Алматы облысының жекелеген жерлерінде тұман, күндіз Жалаңашкөл аумағында 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.
Түнде Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарына тұман түседі.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Ақтөбе облыстарында - кей жерлерде бұрқасындатып, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.
Атырау облысының кей өңірлерінде сондай-ақ жел тұрады, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Жамбыл облысында тұман, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Маңғыстау облысында - тұман, бұрқасын, 15-20 м/с қашықтықта жел көтеріледі.