Бүгін Қазақстанның басым аумағында күшті желдер тұрып, солтүстігінде көктайғақ болады
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін Қазақстанның басым аумағында күшті желдер тұрып, солтүстігінде көктайғақ болады.
Мәселен Ақтөбе мен Қостанай облыстарында 15-20 м/с жылдамдықта соққан желдің екпіні кей уақыттары 25 метрге дейін жетуі ықтимал.
Ал Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 18-23, кей уақыттары 28 метрге дейін жетпек. СҚО-ның кей жерлерінде, сонымен бірге көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, күндіз Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында, сондай-ақ 15-23 м/с екпінде жел тұрады.
Павлодар облысында күндіз 18-23, кей уақыттары 28 м/с жылдамдықпен соғатын жел түнге қарай басылып, 15-20 м/с-қа дейін түседі.
Ал Жамбыл, Ақтөбе, Алматы мен Қызылорда облыстарында тұман болады деп болжануда.