Бүгін Қазақстанның басым аймағында бұрқасын болады деп күтілуде - Қазгидромет

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, ақпанның 16-сы күні Қазақстанның батыс бөлігі атмосфералық ағымдар ықпалында болады, ал шығысы - антициклон тарамдарының әсерінде.

Бүгін Қазақстанның басым аймағында бұрқасын болады деп күтілуде - Қазгидромет

Мәселен, Ақтөбе, Павлодар, күндіз Қостанай және Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Күндіз Жарма ауданында желдің екпіні 20-25 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында - кей өңірлерде бұрқасын, көктайғақ, желдің күші - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей аумақтарын тұман басып, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысының жекелеген жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ күтілуде, желдің екпіні - 17-22 м/с.

Ал Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 17-22, кей уақыттар 28 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.