Бүгін Қазақстанның басым аймағында жел тұрып, көктайғақ болады

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжамдарына сәйкес, бүгін Қазақстанның басым аймағы атмосфералық ағым бөлігінде болады.
None
None

Мәселен, елдің бірқатар облысында көктайғақ, шамамен 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында - көктайғақ, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады.

Ақтөбе, Қарағанды Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасындатып, 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде. Қызылорда аймағында кей жерлерде - көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай мен Солтүстік Қазақстанда - бұрқасын, Ақмола облысының кей жерлерінде де күн бұрқасындатып, ал 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні кей уақыттары 25-ке жетуі ықтимал.

Атырау облысының кей аумақтарын тұман басып, Маңғыстау облысында - тұман, көктайғақ болады деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар