Бүгін Қазақстанның басым аймағының ауа-райын антициклондар анықтайды

Республиканың солтүстігі мен шығысы атмосфералық ағымдар ықпалында болады деп болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Мәселен, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында - кей жерлерде тұман, 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді деп болжануда.
Алматы облысының кей аумағында тұман түсіп, Жалаңашкөл маңында оңтүстік-шығыстан секундына 20-25 метр жылдамдықпен, кей уақыттары секундына 30 метрге дейін жел соғады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда аймақтарының кей жерлерінде тұман болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау және Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде - тұман, көктайғақ болады.
Түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды аймақтарының кей жерлерін тұман басады.