Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ болады

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Сейсенбі, қаңтардың 12-сі күні Қазақстанның басым аймағы атмосфералық ағым бөліктерінің ықпалында болады.
None
None

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа-райының антициклондық түрі болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Мәселен, Алматы облысында кей жерлерді тұман түседі деп күтілуде, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 20-25, кей уақыттары 28-33 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, Маңғыстау облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болады деп болжануда, желдің екпіні кей жерлерде 17-22, Жарма ауданында 20-25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар