Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде 31-ші тамыз күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз республиканың солтүстігінде бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромед» РМК.
None
None

Ал еліміздің оңтүстігінің кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Тек, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болуы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с жетіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл күшейеді. Қызылорда облысында, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар