Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі. Тек республиканың  оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
None
None

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болып, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Атырау, облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар