Бүгін Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады, қалған өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жауып, желдер тұрады

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, шілденің 27-сі күні Қазақстанның шығыс бөлігі атмосфералық ағымдардың әсерінде болады. Мұнда найзағайлы өткінші жаңбыр мен ұйытқыма желдер күтілуде. Ал республиканың қалған өңірлеріне антициклон ықпал етпек.

Бүгін Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады, қалған өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жауып, желдер тұрады

Мәселен, Павлодар, Қарағанды, түнде Қостанай, күндіз Ақмола, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде секундына 15-22 метрге дейінгі желдер күтілуде.

Шығыс Қазақстанда және күндіз Алматы облысының кей аумақтарында бұршақ жауып, 17-22 м/с екпінде жел тұрады.

Қызылорда облысының кей өңірлерінде сондай-ақ жел болады, оның күші 15-20 м/с-ты құрамақ. Күндіз - шаңды боран көтеріледі.

Ал Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында ыстықтар сақталады, кей аумақтарда қатты ыстықтар болжануда. Ақтөбе және Маңғыстау облысының кей өңірлерінде қатты ыстықтар жалғасады.

Сондай-ақ «Қазгидромет» бүгін, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау мен Батыс Қазақстанның кей жерлерінде, Атырау, Қарағанды және Жамбыл облыстарында 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталатынын ескертті.