Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін Қазақстанның кейбір аймақтарында бұрқасындатып, жел тұрады - Қазгидромет

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 17 ақпан күні Қазақстанның басым аумағының ауа-райын атмосфералық ағымдармен байланысты циклон қалыптастырады.

Бүгін Қазақстанның кейбір аймақтарында бұрқасындатып, жел тұрады - Қазгидромет

Республиканың батысы антицклон тарамдарының ықпалында болады.

Мәселен Алматы облысында 15-20 м/с күшпен жел соғады, Жалаңашкөл аумағында оның екпіні 20-25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде жекелеген аумақтарға тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарында кей жерлерде - бұрқасын, 15-23 м/с екпінде жел тұрады.

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, секундына 15-22 метр жылдамдықта жел соғады, Жамбыл облысында оның күші 25-ке жетуі ықтимал.

Қызылорда облысында кей өңірлерде - көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Маңғыстау облысында көктайғақ күтілуде.

Қостанай облысының жекелеген аумақтарында бұрқасындатып, күндіз 23 м/с-қа дейінгі күшті жел тұрады.

Павлодар облысында- бұрқасын, түнде жекелеген жерлерде, күндіз облыстың басым аумағында 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады, кей уақытта оның екпіні 25 м/с-қа жетпек.

Қарағанды облысында сондай-ақ бұрқасындатып, 15-20 м/с-та жел соғады, түнде - тұман, көктайғақ болжануда.