09:29, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Бүгін Қазақстанның солтүстігінде бұрқасындатып, қатты жел тұрады, батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін, қаңтардың 11-і күні Қазақстанның басым аймағы атмосфералық ағым бөлігінде болады деп күтілуде.

Елдің солтүстігінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, ал оңтүстігі мен батысында тұман, кей жерлерде көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Мәселен, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Маңғыстау және Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жел тұрады деп күтілуде.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және түнде Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.