Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысының Өскеменге сапары күтілуде

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың Өскеменге сапары күтілуде,
None
None

деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Конституция күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының орталығында болған кезінде ҚР Мемлекеттік хатшысы  көптеген қала нысандарын аралап, кездесулер өткізеді.

Атап айтқанда, Мемлекеттік хатшы тұрғын үйлерді пайдалануға беру, теннис корты, балабақша және жаңа балалар үйі салынатын орындарға символдық тас қалау салтанаттары рәсімдеріне қатысады деп күтілуде.

Қ.Саудабаев сондай-ақ қаланың өміріндегі ерекше оқиға - орталық алаңда Абай Құнанбаев ескерткішінің және Александр Сергеевич Пушкинге оның есімімен аталатын облыстық кітапхана алдында мүсіні ашылуы салтанаттарына қатысады.

Соңғы жаңалықтар