Бүгін күн мен түн теңеседі

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін, сенбі күні Жер бетінде күн мен түн теңеседі, Күн дәл шығыстан көтеріліп, дәл батыстан батады,

Бүгін   күн  мен  түн теңеседі

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Астрономдар күн мен түннің теңесу сәті деп, Күн жыл бойына аспан сферасымен қозғала келіп, өзі қозғалатын жазықтықтағы астрономикалық экватордың және эклиптиканың түйіскен нүктесіне дәл келетін сәтті атайды. Бұл сәт сенбі күні мәскеу уақыты бойынша сағат 20.31-де болады.

Полюстарда бұл күні Күн тәулік бойы тек горизонтпен қозғалады, бірақ рефракцияның арқасында, яғни жарық сәулелерінің атмосферада майысуының арқасында, Күн горизонттан сәл жоғарырақ көрінетін болады, делінген «Астронет» сайтында берілген ақпаратта.

Көктемгі күн мен түннің теңескен күні солтүстік жартышарда астрономиялық көктем келсе, оңтүстік жартышарда күз басталады.

Күн мен түн теңескеннен кейін талтүсте Күн горизонттан жоғары көтеріле бастайды да, жазғы күннің тоқырауына жеткеннен кейін (маусымның 21-22-сі) кері қозғалысын бастайды.