Бүгін Мәскеуде -Аза тұту күні
СТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Ресей елордасында бүгін - Аза тұту күні. Мәскеуліктер мен барша ресейліктер дүйсенбі күні елордалық метроның «Лубянка» және «Мәдениет саябағы» стансыларында лаңкестік әрекеттердің салдарынан қаза болғандарды еске алады.
Қалада мемлекеттік жалаулар мен Мәскеу қаласының жалаулары түсірілді, ойын-сауық шаралары тоқтатылды, Телеарналар да өз эфирлерінен ойын-сауық бағдарламаларын алып тастауда, деп хабарлайды «Маяк» радиостансысы.
Кешеден бастап мәскеуліктер мен қала қонақтары аталған екі стансыға гүл шоқтарын әкелуде, балауыз шамдар жағуда. Дүйсенбі күні таңертең орын алған лаңкестік шабуыл, соңғы мәліметтер бойынша 38 адамның өмірін қиған. Кеше Дмитрий Медведев те «Лубянка» стансысындағы қайғылы оқиға болған жерге барып, гүл шоғын қойды. Ресей Президенті жарылысты ұйымдастырушылардың табылатынын және көздері жойылатынын мәлім етті.
Қазір Мәскеу ауруханаларында 72 жаралы адам жатыр. Денсаулық сақтау ведомствосының ақпараты бойынша, олардың көбісінің жағдайы ауыр. Ауруханалар қан донорларына қатты мұқтаж екендерін мәлім етуде.