Бүгін Майкл Джексонды жерлеу рәсімі өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
«Танымал музыка королі» және тарихтағы ең табысты музыкант атанған Джексон Голливудтағы Forest Lawn зиратына - Американың атын шығарған Кларк Гейбл, Хамфри Богарт сияқты танымал тұлғалардың жанына жерленетін болады. Джексонды жерлеу рәсіміне марқұмның жақын туыстары мен достары ғана қатысады. Жерлеу рәсімінен екі сағаттан кейін Лос-Анжелестегі Staples ойын-сауық кешенінде жұлдызды еске алуға арналған рәсім өтеді. Staples кешеніне тек арнайы билетпен кіру мүмкін болады - интернет арқылы өтініш берген Джексонның 1,6 миллион жанкүйерінің тек 8 мың 750-і ғана билетке қол жеткізе алды. Әншімен қоштасу рәсімі тікелей эфир арқылы үлкен экрандардан да көрсетілетін болады.
Майкл Джексон 50 жасында дүниеден озды. Бұқаралық ақпарат құралдары «поп-музыка королі» деп дәріптеген Джексон соңғы жылдары концерттік қызметін тоқтатқан болатын. Көптеген пластикалық операциялар жасатқан оның денсаулығының жай-күйіне дәрігерлер қатты алаңдаушылық танытатын.