Бүгін Мәжілісте жинақтаушылық өмірді сақтандыруды дамыту мақсатын көздейтін заң жобасы екінші оқылымда талқыға салынады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті қорытынды шығарды.
Заң жобасының негізгі мақсаты жинақтаушылық өмірді сақтандыруды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасын одан әрі жетілдіру қажеттілігі, сақтандыру делдалдығы қызметінің нақты құқықтық негіздерін белгілеу, сақтандыру статистикасының толыққанды бірыңғай базасын қалыптастыру жолымен тарифтік саясат мәселелерін шешу, отандық практика мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.
Осы заң жобасы бойынша келіп түскен барлық ұсыныстар мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының он бір отырысында талқыланды. Жұмыс тобына 200-ден астам ұсыныс келіп түскен. Оның 186 позициясы қабылданған, қалған түзетулерді бастамашылар талқылау барысында алып тастады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің 38-тармағына сәйкес заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар нақтыдау сипатындағы үш түзету енгізген, оларғажұмыс тобының мүшелері қолдау білдірген.
Заң жобасына ұсынылған түзетулер салыстырма кестеге енгізілген.