Бүгін Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды деп күтілуде

ЕМЕН. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды деп күтілуде.

Бүгін Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды деп күтілуде

Мемлекет басшысына өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы индустриялық-инновациялық жобалардың жүзеге асырылу нәтижелері ұсынылатын болады.

Ел Президентінің жұмыс сапары бағдарламасында «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында салынған ауылды, «КЭМОНТ» АҚ кәсіпорны мен сүт-өңдеу зауытын аралап көру бар.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Шығыс Қазақстанның этномәдени орталықтарының өкілдерімен де кездеседі деп жоспарланып отыр.