Бүгін Ми-8 тікұшағы апатында қаза тапқан А. Сәрсембаевты жер қойнына тапсырады - Алматы облысы

ТАЛДЫКОРГАН. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы Алакөл ауданындағы Бұлақты ауылында жұртшылық ауысым инженері Алмаз Сәрсембаевты соңғы сапарға шығарып салады.
None
None

«ҚазТрансОйл» және  аудан әкімдігі туған-туыстарына марқұмның мүрдесін осында алып келуге көмектесті.

Қазіргі күні сегіз адамның өмірін қиып кеткен  Ми-8 тікұшағы апатының себептерін анықтау үшін сараптау жүріп жатыр.

Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық кодекстің  295 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел тергеу тобы құрылды.

Соңғы жаңалықтар