Бүгін «Одақ-2009-Қазақстан» ІІІ халықаралық жиынының үздік командалары марапатталады

АСТАНА.  Шілденің 7-сі.  ҚазАқпарат -  Бүгін Ақмола  облысының Щучинск  қаласындағы «Самал» демалыс  базасында     Ұжымдық қауіпсіздік   туралы  шарт  ұйымы елдерінің    жастар,   патриоттық,    әскери-спорттық  бірлестіктерінің   «Одақ-2009-Қазақстан» ІІІ  халықаралық   жиынының     жеңімпаздарын   марапаттау  рәсімі    болады, 
None
None

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат.

Қазақстан, Ресей,  Қырғызстан және  Тәжікстан    елдерінен   жиналған  сегіз  команда   10 күн бойы күш  сынасты.   Олар семсерлесу,   шыңға өрмелеу,    пневматикалық қарудан ату,     әскери-медициналық   дайындық және  дала жағдайында әскери-тактикалық  жаттығулар бойынша    сынға түсті.

 Марапаттау  рәсіміне Ұжымдық қауіпсіздік  туралы шарт  ұйымының,   ҚР   Білім және ғылым министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің, «Жас Отан»  жастар қанаты  мен  Қазақстан жастары  конгресінің  өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар