Бүгін Оралда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында бесінші турдың ойындары мәреге жетеді

ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бүгін Оралда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХVІІ ел біріншілігі бесінші турының ойындары мәреге жетеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оралдағы турда әзірге өткен жылғы ел чемпионы «Алматы» командасы жеңіліссіз келеді. Олар наурыздың 7-сінде өздерінің негізгі қарсыласы «Атырауды» 3:2 есебімен ұтып, жекедара бірінші орынға шықты. Алматылықтар сондай-ақ «Казхромды» (Хромтау) 3:0 есебімен ұтты. Осы турда сәтсіз өнер көрсеткен хромтаулықтар «Атыраудан» 1:3, «Есілден» 0:3 есебімен есе жіберді. «Есілді» 3:2 есебімен ұтқан Оралдың «Конденсаты» өткен жылғы күміс жүлдегер «Атыраудан» дәл осындай есеппен ұтылып қалды. Бүгін «Есіл» - «Атырау», «Конденсат» - «Алматы» кездескеннен кейін плей-ооф бәсекесіне қатысып, жүлделі орындар үшін таласатын алғашқы төрт команда белгілі болмақ.
Соңғы жаңалықтар