Бүгін Өскеменде 1825 мектеп бітіруші түлектердің кеші өтеді
ӨСКЕМЕН. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде облыс орталығының 1825 мектеп бітіруші түлектердің кеші өтеді.
Толассыз жауып жатқан жаңбырға байланысты кеш қалалық ашық стадионнан Спорт сарайына ауыстырылды.
Атап өтейік, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Өскеменде 29 458 оқушы бар, олардың 1825-і 11 сыныпты бітірушілер.
Дәстүр бойынша түлектер кеші салтанатты жағдайда өтеді.
Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары - 140 үздік түлек облыс және қала басшыларының қолынан аттестат алады.
Биыл Өскеменде 19 оқушы «Алтын белгіге», 9 бітіруші қызыл аттестатқа ие болды.