Бүгін Өскеменде бильярд спортынан Қазақстан чемпионаты басталады

ӨСКЕМЕН. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде бильярд спортынан Қазақстан чемпионаты басталады.

Бүгін  Өскеменде  бильярд  спортынан  Қазақстан чемпионаты  басталады

Бұл туралы қалалық спорт басқармасынан хабарлады.

Чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірінен 70-ге жуық кий шебері қатысады. Олардың қатарында Әлихан Каранеев, Ернұр Шымбаев, Эмиль Мударисов, Әуез Елубаев сынды шеберлер бар.

Жарыс «Империя» бильярд клубында өтеді және үш күнге созылады.