10:06, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Бүгін Павлодарда - Еуропа күні
ПАВЛОДАР. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодар қаласы тарихында тұңғыш рет қаланың орталығында Еуропа күні тойланып жатыр. Шараға Еуроодаққа мүше мемлекеттердің он бір елшісі мен өкілдері келеді деп күтілуде,
деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алаңда еуропалық мемлекеттердің тулары ілінген шатырлар тігілген - мұнда қалалықтар әр елдің салты, мәдениеті мен асмәзірі жайлы қызықты мәліметтер алады.
Ұтыс лотереясы ойнатылады, жеңімпаз Венаға баратын авиабилетін немесе футболка алады.
Мерекеде шетел қонақтары мен павлодарлық үздік өнер ұжымдарының орындауында ән шырқалады.