Бүгін Ресейдің еуропалық бөлігінің тұрғындары күннің жартылай тұтылуын көре алады

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің еуропалық бөлігінің тұрғындары күннің жартылай тұтылуын көре алады, деп хабарлайды РБК агенттігі.
None
None

Соның ішінде Ресейдің солтүстік-батысында - Выборгта, Петрозаводскіде, Петерборда және Псковта күннің едәуір бөлігін - 80 пайызға жуығын Ай тұмшалауын бақылауға болады. Күн тұтылуы мәскеу уақытымен 10;40-та басталып, сағат 12:00-де барынша мол тұтылуы көрінеді, табиғаттың осы сирек көрінісі мәскеу уақытымен 13:20-да аяқталады.

Күннің ішінара тұтылуын Еуропаның, Солтүстік Африканың, Таяу Шығыстың тұрғындары да байқайды. 2011 жылы Жер тұрғындары барлығы 4 рет күн тұтылуын бақылайды.

Соңғы жаңалықтар