Бүгін республиканың басым аймағында қатты жел тұрып, тұман түседі - «Қазгидромет»

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидрометтің» мәліметіне сәйкес, сәрсенбі күні ресубликаның бірқатар облысы атмосфералық ағымдар бөлігінің ықпалында болады. Мәселен, Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 20-25, кей уақыттары 30 м/с-қа дейін күшейеді деп болжануда.
Ал Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында - кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қызылорда облысының кей аумақтарында - тұман, көктайғақ болады, желдің қарқыны секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.
Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында - кей жерлерде бұрқасындатып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе, Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Ал Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің қарқыны секундына 20-25 метрге дейін жетпек.