Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін солтүстік аймақтарда күн суытады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағымының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Тек батыс өңірде күн ашық болады.

Бүгін солтүстік аймақтарда күн суытады - Қазгидромет

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодар облысында 18 м/с жел соғады. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел болады, деп күтілуде. Ал Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде де желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетіп, түнде және таңертең тұман болады. Түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей аймақтарында 0-3 градусқа дейін суық болады. Күндіз Атырау облысында күн қатты ысиды.