Бүгін Тараз қаласындағы жалпы режимдегі колониядан екі сотталушы қашып кетті

ТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ Бүгін Тараздағы жалпы режимдегі колониядан екі сотталушы қашып кетті, деп хабарлады ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Бүгін Тараз қаласындағы жалпы режимдегі колониядан екі сотталушы қашып кетті

БАҚ үшін таратылған баспасөз баянында хабарланғанындай, 2011 жылғы 30 қыркүйекте ЖД-158/2 түзету мекемесінен таңғы сағат 8-дің шамасында екі сотталушы қашып кеткен.

Сотталғандардың екеуі де (1978 және 1984 жылдары туылған) ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан болатын.

Қазіргі кезде ІІМ ҚАЖ, ІІД және Ішкі әскерлер бөлімшелері күшімен сотталғандарды ұстау жөнінде жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Шара аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат хабарланады, деп атап көрсетілген баспасөз баянында.