09:53, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
Бүгін - Тіс дәрігерлерінің күні
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін - Тіс дәрігерлерінің халықаралық күні. Бұл күн Александрияда III ғасырда өмір сүрген Әулие Аполлонияны еске алу құрметіне бекітілген.
Аполлония - Христосқа сенген көрнекті александрлық шенеуніктің қызы. Аполлонияны христиандықтан бас тартуын талап етіп, қатаң жазаға тартады. Аполлония өлім алдында шімірікпеген. Қиналуы мен өжеттігі сол кездегі замандастарын қатты толқытқан, кейін Аполлония есімі естілсе не оған сыйынса - тіс ауруы қоя салады деген аңыз шыққан. 300 жылы Аполлония қасиетті азап шегуші ретінде заңдастырылған. Оның күні - 9 ақпан.