Бүгін Ванкувер олимпиадасында бірнеше қазақстандық жарыс жолына шығады

қпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан ХХІ қысқы Олимпиадалық ойындарда бүгін бірнеше қазақстандық спортшы жарыс жолына шығады,

Бүгін Ванкувер олимпиадасында бірнеше қазақстандық жарыс жолына шығады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, тау шыңғысы спортынан Игорь Закурдаев ел намысын қорғайды. Ал, биатлоннан 10 шақырымдық ізге түсу жарысында әйелдерден Елена Хрусталева, Анна Лебедева және Марина Лебедева, сондай-ақ спорттың осы түрінен ерлер арасындағы 12,5 шақырымдық жарыста Ян Савицкий мен Александр Червяков Қазақстан атынан сынға түседі. Бұлардан бөлек бүгін мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында олимпиада медальдары сарапқа салынады. Бұл бәсекеге Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен шеберліктерін көрсетеді.