Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгін Жамбыл облысымен болатын телекөпірде 3 нысан таныстырылады - Индустрияландыру картасы

ТАРАЗ. 4 шілде. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Елбасының қатысуымен болатын телекөпірде Жамбыл облысында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында І жартыжылдықта іске қосылатын 3 жоба таныстырылады.

Бүгін Жамбыл облысымен  болатын телекөпірде   3 нысан   таныстырылады -  Индустрияландыру картасы

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олар - Мойынқұм ауданындағы Ақбақай алтын өндіру фабрикасы, Тараздағы «Энерджи-Тараз» ЖШС-нің диодты-жарықты шамдардың өндірісі және Байзақ ауданындағы «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-нің полиэтилен құбырлар мен фитинг өндірісі зауытының құрылысы.

2011 жылы Жамбыл облысында Индустрияландыру картасына енгізілген 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы құны 21,5 миллиард теңгені құрайтын бұл жобалардың арқасында 1 139 жаңа жұмыс орны құрылмақ.