Бүгін жасұландықтар «Тағзым» акциясын бастайды
ПАВЛОДАР. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар қаласында жасұландықтардың «Тағзым» акциясы басталады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымының мүшелері мен мектеп оқушылары Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының барлық қатысушысына кіріп шықпақ.
Бүгін № 7 мектептің оқушылары екі майдангерге барады. Иван Сычев майданға 21 жасында кеткен, бронекатерде қызмет етіп, Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысқан. 13 медальмен марапатталды. Сержант Николай Марченко Қиыршығыстық майдандағы шайқастарда болды, Германия мен Жапонияға қарсы соғыстардағы жеңіс медальдарымен марапатталды.
Облыс орталығында тұратын 347 ардагердің есіктеріне «қызыл жұлдызшалар» жабыстырылады. Бұл өз Отаны мен Еуропа елдері үшін бейбітшілік алып берген азаткер жауынгерлердің қаһармандықтарына тағзым, құрмет.