Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бүгінгі таңда 30 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді - Е.Досаев

АСТАНА 8 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда 30 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Бұл туралы бүгін Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің өткен жылдағы қызметінің негізгі қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Ерболат Досаев мәлім етті.

Бүгінгі таңда 30 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді - Е.Досаев

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру аясында банктердің несиелері бойынша мөлшерлемені субсидиялауға 330,3 млрд. теңге көлемінде 1645 жоба мақұлданды. 7,9 млрд. теңгеге 106 жоба кепілдендірілді. 409 кәсіпорын үшін инженерлік инфрақұрылым жүргізілді.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда 30 мыңнан астам кәсіпкер қолдау шараларымен қамтылып, 136-дан астам жұмыс орындарына қолдау көрсетілді. Бұған қоса моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде микронесиелік ұйымдармен бірге бизнес-инкубаторларды құру түрінде барлық моноқалаларда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетілуде.